Әлем21 шілде 2024, 10:44

Путиннің өмірбаянының авторы неміс журналистер қауымдастығынан шығарылды

Путиннің өмірбаянының авторы неміс журналистер қауымдастығынан шығарылды. Неміс журналистерінің Netzwerk Recherche қауымдастығы Путиннің өмірбаянының авторы Хуберт Зайпельді өз қатарынан шығарды. Ұйым Зайпелдің «тәуелсіз журналистиканың негізгі ережелерін бұзып, біздің кәсібімізге деген сенімді әлсіреткенін» айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, Зайпельдің жұмысы үшін Ресей Федерациясынан алған төлемдері «журналисттік адалдық пен кәсібиліктің барлық ережелеріне қайшы келетіні» атап өтілді.

2023 жылдың қарашасында Владимир Путин туралы деректі фильм мен екі кітаптың авторы Хуберт Зайпель ресейлік олигарх Алексей Мордашовтың оффшорлық аймақтарынан жүздеген мың еуро алғаны белгілі болды.

Журналистердің хабарлауынша, 2018 жылы Зайпель «Ресейдегі саяси ахуал» туралы кітапты жасау және насихаттау үшін кемінде 600 000 еуро әкелетін «демеушілік келісімге» қол қойған.

Хуберт Зайпель Путин өмірбаяны шығару неміс журналистер қауымдастығы

Тақырыпқа жаңалықтар