ӘлемБүгін, 20:10

Қырғызстанда балаларға қауіпті кәмпит таратқан ер адам ұсталды

Қырғызстанда ер адам кәмпиттердің ішіне ине салып, оларды балаларға таратып жүргені анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдіктінің әрекеті қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды.

Полиция жедел түрде оны қолға түсіріп, қамауға алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдіктінің үйіне тінту жүргізіліп, ине салынған кәмпиттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Құқық қорғау органдары оның бұл әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр.

Жергілікті билік ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.

Қырғызстан Кәмпит Балалар ер адам
Кеше, 16:21 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 19:14 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:21 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар