Әлем21 желтоқсан 2023, 11:00

Ресей футбол одағы Азияға ауысудан бас тартты

Ресей футбол одағы Азияға ауысудан бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
«Ешқандай Азия, біз Еуропа үшін күресеміз», - деді РФО вице-президенті Ахмед Айдамиров.

Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін бірден ФИФА мен УЕФА ресейлік клубтар мен ұлттық құрамаларын барлық турнирге қатысуын тоқтатты.
 
Атқару комитетінің мүшелері ФИФА кепілінсіз Азияға ауысудың еш мағынасы жоқ деп санады.

РФО халықаралық турнирлерге қайта оралу туралы УЕФА-мен келіссөз жүргізуге тырысатынын мәлімдеді.

Ресей футбол одағы Азия бас тарту Ахмед Айдамиров

Тақырыпқа жаңалықтар