Әлем19 сәуір 2024, 11:53

Ресей: Ставропольға жақын жерде әскери ұшақ апатқа ұшырады

Ресей Федерациясының Ставрополь қаласына жақын жерде әскери ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға Ставрополь өлкесінің Красногвардейский ауданында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік желі қолданушылары, болжам бойынша, ұшақ құлаған сәтте түсірілген бейнежазбаны жариялады - құлаған кезде оның өртеніп жатқанын байқауға болады.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, Ту-22М3 бомбалаушы ұшағы «жауынгерлік тапсырманы орындап, үй аэродромына қайтып келе жатқанда құлаған.

Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, барлық экипаж мүшелері шығып үлгерген. 

Ставрополь ұшақ апаты

Тақырыпқа жаңалықтар