Әлем9 қаңтар 2024, 17:00

Ресейде 2023 жылы армия туралы фейк үшін 135 іс қозғалған

Өткен жылы Ресей соттарына армия туралы «жалған» ақпарат таратты деп айыпталған 70 адамға қатысты 79 қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ТАСС РФ Бас прокуратурасының мәліметтеріне сілтеме жасап жариялады.

Дәл осы себепті 69 мыңнан астам сайт бұғатталған немесе жойылған.

2022 жылы осы бап бойынша 187 іс қозғалса, оның 78-і сотқа жіберіліпті.
 
Сайттар, ең алдымен, Украинадағы соғысты, сондай-ақ Ресейдегі экономикалық жағдайды, «ядролық қаруды қолдану қаупін» және 2023 жылдың күзіндегі сайлау кезіндегі заң бұзушылықтарды көрсету үшін бұғатталыпты.

2023 жыл Ресей армия фейктер

Тақырыпқа жаңалықтар