Ресейде Мета-ның баспасөз хатшысы Энди Стоунға іздеу жарияланды
Мета-ның баспасөз хатшысы Энди Стоун Ресей Федерациясында іздестірілуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Mediazona агенттігінің хабарлауынша, Стоун терроризмді насихаттау бабы бойынша сырттай сотталып жатыр.
Ресей Федерациясында танылған «экстремистік» ұйымның баспасөз хатшысының аты-жөні жазылған карточка Ішкі істер министрлігінің іздеу деректер базасында 2023 жылдың ақпан айында пайда болды.
Ал қарашаның ортасында ресейлік соттардың бірі оны сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: