Әлем22 сәуір 2024, 15:19

Ресейде Украинадағы соғыс туралы компьютерлік ойын жасап шығарды

Ресейде Украинадағы соғыс туралы компьютерлік ойын жасалды.  «Лучшие в аду» атты бірінші адам ату ойынын Владивостоктан келген NoName компаниясы ұсынды. Оны жасаушылар «қазіргі Ресейдегі тарихи оқиғаларға негізделген патриоттық ойын жобасы» деп атайды,- деп хабарлайды Arbat.media.

Олар 2022 жылдың көктемінде Попасная қаласына шабуыл жасаған "Вагнер" жалдамалы жауынгері ретінде ойнауды ұсынады.

«Ойынды жасау кезінде біз жауынгерлердің әңгімелеріне сүйендік және драмаға назар аудардық», - деп жазады әзірлеушілер.

Ойыншылар әкімшілік ғимараттарды, ауруханаларды, мектептерді қоса алғанда, толығымен қираған қалада «украиндық фашистерді» аулап, бірнеше секунд сайын украиндарды өлтіруі керек екен.

Трейлерде жалдамалының қолында Әулие Николай иконасы көрінеді.

Ойындағы тапсырмаларды Евгений Пригожин береді.

«Лучшие в аду» деген атақ оның сөзінен алынған.

Жасаушылар ойынның мемлекеттік қолдаусыз жасалғанын алға тартады.

Ойын Владимир Соловьевтің насихаттық шоуында жарияланған.

«Лучшие в аду» Ресей компьютерлік ойын Украинамен соғыс

Тақырыпқа жаңалықтар