Ресейден ақша алған журналист Германиядағы жалақыға шағымданды
Ресейден ақша алған журналист Зайпель Германиядағы жалақының аздығына шағымданды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Владимир Путин мен Ресей туралы бірнеше кітап пен фильмнің авторы, неміс тележурналисі Хуберт Зайпельдің 2018 жылы Алексей Мордашовтың оффшорынан 600 мың еуро алғаны жақында белгілі болды.
Журналист жұмыс істеген NDR телеарнасы Зайпельдің ісін тергейтін комиссия құрып, оның үстінен сотқа арыз беруді қарастырып жатыр.
Жақында Zeit газетіне берген сұхбатында Зайпель Мордашовтан алған 600 мың еуроға қатысты пікір білдірмеді, бірақ телеарналар оған штаттан тыс журналист ретінде төлейтін қаламақының төмен екеніне шағымданды.
Бір фильмі үшін ол 25 000 еуродан көп ала бермейтін. Ерекшелік ретінде оған Путиннің портреті үшін 50 000 еуро берілді.
«Бұл тіпті мұғалімнің табыс деңгейіне де жақын болмады», - деп шағымданады Зайпель.
Ол алған ақшасының бәрін іссапарға жұмсағанын, салықты тұрақты төлеп тұратынын алға тартады.
«Иә, мен ақшадан бас тарта алар едім. Сонда мен өмір бойы кінәсіз боламын. Бірақ, өкінішке қарай, жобама қажет ақпаратты алмаушы едім», - деп қосты журналист.
Zeit басылымына берген сұхбатында ол Путин туралы бірде-бір жаман сөз айтқан жоқ.