Ресейге Ferrari, Lamborghini және басқа да жүздеген сәнді көліктер әкелінген
Санкцияларға қарамастан, Ресей Федерациясына Ferrari, Lamborghini және басқа да жүздеген сәнді көліктер әкелінген, - деп хабарлайды Arbat.media.
2022 жылдың наурыз айында АҚШ пен ЕО қымбат көліктерді экспорттауға тыйым салған соң, Ресейге 1319 люкс және суперкар әкелінді. Олардың ең қымбаты - Ferrari 812 Competizione - шамамен 534 мың доллар тұрады. Барлық импортталған премиум көліктердің жалпы құны 229,6 миллион долларды құрайды, деп жазады «Вестка» жабық кедендік статистикаға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ресей кеденінен 551 Land Rover, 226 Mercedes-Benz, 177 Porsche, 104 BMW, 9 Audi, 97 Toyota көліктері өткен.
Сондай-ақ басылым тоғыз Cadillac, жеті Rolls-Royce, алты джип және бір Maserati таба алды.
Сонымен қатар, Ресейге кемінде 32 Lamborghini және бір Ferrari әкелінген.
«Верстка» мәліметінше, автокөліктерді көп жағдайда Қырғызстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Беларусь елдерінің делдал компаниялары жеткізеді.