Солтүстік Корея гипер дыбысты зымыранды сәтсіз ұшырды
Солтүстік Корея гипер дыбысты зымыранды сәтсіз ұшырды. Пхеньян маңындағы ауданнан ұшырылған зымыран 250 шақырымдай ұшып өтіп, суға құлаған, деп хабарлайды AFP. Ұшырылымды Жапонияның жағалау күзеті растады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Солтүстік Корея 30 мамырда зымыран сынағын өткізген болатын.
Сол кезде Сеул Пхеньян 10 шақты қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады.
Сарапшылар Солтүстік Корея артиллериялық және қанатты зымырандар өндірісін арттырды деп болжап отыр.
Ол сондай-ақ оқ-дәрілерді Украинада пайдалану үшін Ресейге жіберер алдында оларды сынақтан өткізу жиілігін арттырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: