Таиландтың жаңа премьер-министрі сайланды
Phya Thai саяси партиясының кандидаты Пхетхонгтхан Чинават жұма күні Таиландтың жаңа премьер-министрі болып сайланды.Парламенттегі дауыс беру кезінде П.Чинават жаңа премьер-министр лауазымына жалғыз үміткер болды. Бұл аптаның басында Таиландтың Конституциялық соты этика кодексін бұзғаны үшін Сеттха Тхависинді премьер-министр қызметінен шеттеткен еді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Дауыс беруден кейін Таиланд Ұлттық ассамблеясының төрағасы Ван Мухамад Нор Матха Чинават 493 заң шығарушының 319-ының қолдауына ие болғанын хабарлады, бұл лауазымға растау үшін қажетті дауыстан көп.
37 жастағы П.Чинават Таиланд тарихындағы ең жас премьер-министр және король Маха Ваджиралонгкорном Пхра Ваджираклаочаоюхуа ресми түрде тағайындалғаннан кейін бұл қызметтегі екінші әйел болады.
Phya Thai партиясының жетекшісі әрі бұрынғы премьер-министр Таксин Чинаватраның кенже қызы Пхетхонгтхан Чинават бейсенбіде оның кандидатурасы расталғаннан кейін басқарушы коалицияның экономикалық мәселелерді шешуге бел байлағанын атап өтті.