TikTok ресейлік Sputnik агенттігінің аккаунттарын жойды
TikTok ресейлік Sputnik агенттігінің аккаунттарын жойды. Сербия, Бразилия, Индонезия және Африка елдерінің аудиториясы үшін жұмыс істеген Sputnik-тің 11 парақшасы, сондай-ақ Ресей Федерациясының көршілес елдерінің азаматтары үшін контент жариялаған 26 аккаунт Қытай әлеуметтік желісінде қолжетімсіз болды. Оyың арасында Sputnik Армения мен Sputnik Беларусь бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Sputnik арналарының әлеуметтік желіден жойылғаны туралы Sputnik-пен бірге Russia Today медиа тобына кіретін "Россия сегодня" телеарнасы хабарлады.
Бұл ретте әлеуметтік желідегі RT International парақшасы да өшірілді, деп атап өтті телеарна өкілдері.
TikTok басшылығы бұл шешімнің себебін ашып айтпады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: