Трамп Африкадағы елдердің біріне әскер жіберуі мүмкін
Трамп Африкадағы елдердің біріне әскер жіберуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әңгіме Нигерия мемлекеті туралы. Трамптың айтуынша, христиандарға жасалған қысым жалғаса берсе, АҚШНигерияға кез келген көмек пен қолдауды бірден тоқтатады және “осы қорқынышты қылмыстарды жасап жатқан ислам террористерін толық жою үшін” өз күштерін бұл елге енгізуі әбден мүмкін.
Нигерия президенті Бола Тинубу өзеліне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
“Нигерияны басқа діндерге төзімсіз ел ретінде сипаттау біздің ұлттық шындығымызға сай келмейді. Ар-ождан және дін бостандығы мен төзімділік –біздің ұжымдық болмысымыздың басты қағидаттары болып қала береді”, – деп жаздынигериялық лидер X желісінде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: