ӘлемБүгін, 10:26

Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамп йемендік хуситтердің Сауд Арабиясына қарсы теңіз блокадасын ұйымдастыру жөніндегі қоқан-лоққысына пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл қадам «Сауд Арабиясының Йеменге қатысты жалғасып жатқан блокадасына» жауап ретінде жасалған. Сария Эр-Риядты порттар мен әуежайларды көп жыл бойы жабық ұстап, теңіз, құрлық және әуе бағыттары бойынша шектеу енгізді деп айыптады.

Трамп «Ансар Аллах» қозғалысы содырларының Қызыл теңізді бұғаттауға әрекет етуі мүмкін екенін жоққа шығармады, алайда мұндай жағдай әзірге болмағанын атап өтті және егер бұл жүзеге асса, АҚШ мәселені реттейтінін мәлімдеді.

«Көре жатармыз, не болатынын. Әзірге ондай болған жоқ. Болуы мүмкін, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз. Егер осындай жағдай туындаса, бәрін реттейміз», – деді Ақ үй басшысы Ливан президенті Жозеф Аунмен кездесу барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

трамп Соғыс Пікір Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар