Әлем19 қаңтар 2024, 10:12

Трамптың алақанындағы дақтар түрлі қауесет тудырды

Бір күн бұрын Дональд Трамп жақтастарымен амандасып жатқанда, оларға қол бұлғады. АҚШ-тың бұрынғы президентінің алақанында қызыл дақтар көрінді. Сол қызыл дақтардың шығу тегі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Билл Клинтонның бұрынғы кеңесшісі Джеймс Карвилл «бұл мерезге ұқсайды» деді. Басқалары Трамп қолын үтікке немесе жаңа піскен пончикке күйдіріп алған деп жазады. Тағы біреулер бұл кетчуп деп айтады.

BILD шолушысы Герберт Бауэрнебель Трамптың денсаулығының нашарлығын көрсететін жақында болған бірқатар оқиғаны еске алады:
Республикалық Айова штатындағы өрт сөндірушілерге пицца қораптарын алып бара жатқанда, ол оң аяғын ақсаңдатып, сүйретіп жүргендей болған.
Айова штатындағы Де-Мойн қаласындағы қонақүйдің фойесінде ұзақ күн бойы үгіт-насихат жұмыстарынан кейін ол шаршап, сенімсіз, бәсең жүрген.
Трамптың сөзіндегі қателер көбейді: ол бір кездері Барак Обаманы Джо Байденмен шатастырған. Кейде адамдардың атын, жер-судың атын шатастырады.
Оның айтарлықтай арықтап салмағын жоғалтуы, құр сүлдері қалғандай түрі Трамп танымал дәрілерді қолданады деген қауесет пайда болды.

Дональд Трамп қолдағы қызыл дақтар қауесет болжам
22 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
22 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
22 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар