Тыр жалаңаш еркек дүкенге жүгіріп кіріп, үлкен аквариумнің ішіне секірген
АҚШ-тың Алабама штатында тырдай жалаңаш ер адам балық аулау құралдары дүкеніне кіріп келіп, көрме ретінде тұрған үлкен аквариумға секіріп түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Лидсте (Алабама штаты, АҚШ) ер адам алдымен көлік тұрағында апатқа ұшырап, содан кейін көліктен түсіп, бүкіл киімін шешіп, балық аулайтын құралдар сатылатын дүкенге кіріп кеткен. Дүкеннің ішінде ол тоқтамастан аквариумға жүгіріп барып, салқын суға сүңгіп кеткен.
Полиция келгенде, жиналғандардың жағасын ұстатқан еркек судан шығып, екі офицерге айқай салып, содан кейін қайтадан аквариумға секіріп, тәртіп сақшыларын балағаттаған.
Ақыры ол аквариумнан бетон еденге секіріп түсіп, біраз уақыт есінен танып қалған. тап cол кезде полицейлер оның қолына кісен салды. Есін жинаған ол тағы да қарсылық көрсетпек болды.
Ол қамауға алынып, Сент-Клер округіндегі түрмеге қамалды.
Оған қоғамдық тәртіпті бұзу, бұзақылық және тәртіп сақшыларына қарсылық көрсету сияқты бірнеше айып тағылды.