Украина Мексикадан Путинді елге келсе, қамауға алуды сұрады
Украина Мексикадан Путинді елге келсе, қамауға алуды сұрады. Украинаның Мексикадағы елшілігі ел билігіне Владимир Путин қазан айында сайланған президент Клаудия Шейнбаумның инаугурациясына қатысуға шақыруды қабылдаса, оны қамауға алуды сұраған үндеу жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құжатта Путиннің әскери қылмыскер екені және оның юрисдикциясын Мексика мойындайтын Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың ордері бойынша тұтқындауға жататыны айтылған.
Дипломатиялық миссия «Мексика үкіметі кез келген жағдайда халықаралық қамауға алу ордерін орындайды» деп үміттенеді.
Үндеуде инаугурацияға Украина президенті Владимир Зеленскийдің де шақырылғаны атап өтілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: