Әлем12 маусым 2024, 1:10

Украина Ресей активтерінен 1,5 миллиард еуро кіріс алады

Украина Ресей активтерінен 1,5 миллиард еуро кіріс алады. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Берлинде Украинаны қалпына келтіруге арналған конференцияда Ресейдің тыйым салынған активтерінің қаражаты шілде айында қолжетімді болады деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біз Украинаның аман қалуына және қалпына келуіне көмектесу үшін қаржылық күшімізді белсендіреміз.1,5 миллиард еуроның басым бөлігі Украинаны қорғауға, ал оның 10 пайызы елді қалпына келтіруге жұмсалады, деді Урсула фон дер Ляйен.

Ол маусым айында Киевке Украинаға Еуропалық көмек көрсету қорынан қосымша 1,9 миллиард еуро аударылатынын айтты.

Бұл қор Украина 2024-2027 жылдар аралығында пайдалана алатын гранттар мен несиелер түріндегі 50 миллиард еуроға есептелген.

Фон дер Ляйен, сондай-ақ, Украинаның ЕО-ға қосылуы туралы келіссөздер маусымның соңында басталуы керек, өйткені Киев бұл үшін барлық қажетті қадамдарды жасағанын айтты.

"Харьков - Еуропа. Украина - Еуропа. Ал біздің одақ - сенің үйің. Украина даңқы, Еуропа аман болсын!" – деп Еурокомиссия басшысы сөзін осылай аяқтады.

Ресей активтері Украина 1,5 миллиард еуро

Тақырыпқа жаңалықтар