Әлем9 қазан 2023, 10:30

Хамас содырлары ұрлап кеткен қыздың анасы көмек сұрайды

Хамас содырлары ұрлап кеткен неміс азаматының анасы көмек сұрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тель-Авивте тұратын неміс азаматы Шани Лук Израильде Газа секторымен шекаралас жерде өткен Nature Party фестиваліне қатысқан болатын. 

7 қазанда Хамас содырлары фестиваль қатысушыларына шабуыл жасаған.

Әлеужеліде мылтық даусынан қашқан ондаған жастың ұялы телефонға түсірілген видеосы тарап кетті.

Кейінірек әлеужеліде палестиналық содырлардың қоршауында ашық тұрған пикапта іш киіміне дейін шешіліп жатқан қыздың видеосы да тарады. Туыстары Шани Лукты оның татуировкасы мен дред-шашына қарап таныған. Видеода қыз сұлық жатқан, оның өлі-тірісі белгісіз.

Шани Луктың отбасы Газа секторынан 80 шақырымдай жерде Израильде тұрады. Оның әкесі Равенсбургте (Баден-Вюртемберг) дүниеге келген және Израильге 30 жыл бұрын көшіп келген.

Шани ешқашан Германияда тұрмаған, дейді анасы Рикарда, бірақ ол Равенсбургтегі атасы мен әжесіне бару үшін елге бірнеше рет келген.

Рикарда Лук Der Spiegel басылымына қызының неміс азаматтығы туралы нақты айтқанын, егер ол тірі болса, неміс билігі оны тұтқыннан құтқаруға көмектеседі деген үмітпен айтқанын түсіндірді. Ұрланған қыздың анасы Германияның Израильдегі елшілігімен және Германияның Федералдық қылмыстық басқармасымен байланыста.

Рикарда сондай-ақ интернетте: «Мен қандай да бір көмек сұраймын, қандай болмасые жаңалық жеткізуіңізді сұраймын» деген видео жариялады.

 

Шани Лук Содырлар жоғадған қыз көмек сұрау

Тақырыпқа жаңалықтар