Жантүршігерлік атыстан 11 адам көз жұмды
Оңтүстік Африкада атыс болып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оңтүстік Африка Республикасы, Претория қаласының Солсвилл аймағында орналасқан хостелде жаппай атыс болып, 11 адам қаза тапты.
Құрбандардың ішінде 3 жастағы бала, 12 жастағы ұл және 16 жастағы қыз бар. Сондай-ақ 14 адам жараланған.
Полицияның ресми мәліметінше, қаруланған үш адам хостелге кіріп, адамдарға оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: