Әлем3 қаңтар 2024, 4:45

Жапонияда ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

Жапония астанасының әуежайында Japan Airlines жолаушылар лайнері мен көлік ұшағының соқтығысуынан экипаждың 5 мүшесі қаза болғаны расталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл әуежай аспанында жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысуы салдарынан орын алған.

Japan Airlines барлық 379 жолаушы мен экипаждың эвакуацияланғанын хабарлады.

Жағалау күзеті ұшағының капитаны қашып үлгерді, бірақ тағы 5 экипаж мүшесінің тағдыры белгісіз.

Ұшақта болғандардың барлығы жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері.

Арасында бір адам ғана аман қалған. Ол – әуе кемесінің капитаны.

Қазір ол ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

Ал Japan Airlines кемесіндегі жолаушылар арасында қаза тапқандар жоқ.

Жергілікті билік бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.

 

Жапония ұшақ апаты

Тақырыпқа жаңалықтар