Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды
Магнитудасы 7,5 балға жеткен жойқын жер сілкінісінен кейін Жапонияда цунами қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Метеорологиялық агенттік болжамынша, биіктігі үш метрге дейін жететін толқындар болуы мүмкін.
NHK арнасының мәліметінше, премьер-министр кеңсесінде жедел дағдарыс штабы құрылды. Билік бірнеше жағалаудағы аймақ тұрғындарына шұғыл эвакуациялануға бұйрық берді.
Бұл жерасты дүмпуі Жапонияда 2025 жылы тіркелген ең қуатты зілзала болып отыр. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 9 қарашада Иватэ префектурасы жағалауында болған еді — ол кезде магнитуда 6,8 болып, цунами тіркелген. Сол жолы адам шығыны болмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: