Жөтелге қарсы дәріден 24 бала уланып, көз жұмды
Үндістанда жөтелге қарсы дәріден 24 бала уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat. Media.
Үндістанда жөтелге қарсы Coldrif шәрбатынан уланып, көз жұмған балалар саны 24-ке жетті.
Тамил-Наду штатының денсаулық сақтау және дәрілік қауіпсіздік саласындағы мамандарының мәліметінше, тексеру барысында өнім құрамынан жоғары мөлшердегі өнеркәсіптік у анықталған.
Қазіргі уақытта өндіруші Sresan Pharmaceutical Manufacturer компаниясының лицензиясы тоқтатылып, негізін қалаушы қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: