1 қарашадан бастап елімізде не өзгереді?

«Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары қайта іске қосылады. «Отбасы банк» мәліметіне сәйкес, бұл жолғы қабылдауға көктемгі іріктеуден өтпеген азаматтар да қатыса алады, деп хабарлайды Arbat.Media.

3 қарашадан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен орташа жалақыны есептеудің Бірыңғай ережелеріне өзгерістер енгізіледі.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, төлем су есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

2026 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінім қабылдау басталады. Өтінімдер электрондық форматта «Электрондық еңбек биржасы» (Enbek.kz) цифрлық платформасы арқылы қабылданады.

7 қарашадан бастап Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астана - Самарқанд - Астанабағытында, 10 қарашадан бастап Астана - Бішкек - Астана бағыты бойынша жаңа рейстер ашады.

Қараша Мереке Наурыз бағдарлама

Тақырыпқа жаңалықтар