10 адамды өлтірген лаңкес Күлекбаевтың қызы туралы сұмдық ақпарат шықты

Алматы облысындағы «У Розы» қонақ үйінде түнгі сағат 03:00-де ұсталған оқушы — Алматыда 10 адамды, оның ішінде сегіз полицейді өлтірген Руслан Күлекбаевтың қызы екені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Orda.kz редакциясының дереккөзінің хабарлауынша, қыз 2011 жылы туған. Ол Алматы облысындағы мектептердің бірінде 2025 жылдың 26 ақпанына дейін оқыған.

Еске салайық, осыдан тоғыз жыл бұрын Руслан Күлекбаев Алматы көшелерінде 10 адамды, негізінен полиция қызметкерлерін атып өлтірген. Ол мүлкі тәркіленіп, өлім жазасына кесілген. Алайда өлім жазасына жарияланған мораторийге байланысты өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Еске салсақ, Алматы облысындағы қонақ үйлердің бірінде 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен үйірме жетекшісі ұсталды. 6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылында орналасқан қонақ үйде шамамен сағат 03:00-де рейд кезінде 2011 жылы туған мектеп оқушысы мен оқушылар сарайында домбыра үйірмесінде сабақ беретін ұстаз ұсталды.

Күлекбаев қызы Қылмыс лаңкес

Тақырыпқа жаңалықтар