10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды

10 жылдан астам іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратура мәліметінше, ер адам 2014 жылы кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдап алып, сол күйі жоғалған. Ол кәсіпкерге компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсетемін деп алдаған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталды. Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Ер адамның қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Германия алаяқ Іздеу табылды

Тақырыпқа жаңалықтар