11 адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз ісі әшкереленді
"КазСтройОпыт LTD" ЖШС басшысы коммерциялық ұйымдарға құрылыс саласындағы жалған жұмыс тәжірибесін жасап беру схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар "Электрондық депозитарий" жүйесіне орындалған жұмыстар туралы жалған актілер енгізіп, компанияларға мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде заңсыз артықшылық берген.
Қылмыстық топ құрамында 11 адам болған. Тергеу барысында Шымкент қаласындағы лауазымды тұлғаларға жалған тәжірибені растағаны үшін заңсыз сыйақы жеткізген делдалдар да анықталды.
Қылмыстық табыс көлемі 490 млн теңгеден асқан. Сондай-ақ жалған жұмыс тәжірибесін пайдаланып, мемлекеттік сатып алуға қатысқан 56 компания анықталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: