11 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміз аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазгидромет мәліметіне сәйкес, республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік, орталық өңірлерде тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 40 градус, Алматы, Жетісу облыстарында 35-37 градус, сондай-ақ батыс өңірлер мен Алматы облысының орталығында 41 градус ыстық болады.

Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +26+28°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +37+39°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Ауа райы тамыз Климат күн

Тақырыпқа жаңалықтар