12 жасында ана атанған. Павлодарлық қыз туралы жаңа дерек
Фото: pexels.com
pexels.com
Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 4:40

12 жасында ана атанған. Павлодарлық қыз туралы жаңа дерек

Павлодар облысы Шарбақты ауылының тұрғыны, жақында сәбилі болған 12 жас тағы қыздың жағдайына қатысты жаңа деректер шықты. Жасөспірім қыздың отбасы 2019 жылы Монғолиядан Қазақстанға көшіп келген. Павлодарда 12 жастағы оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Ол облыстық перинаталдық орталығында аман-есен босанды. Жағдайға өңірдегі балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова араласып, біраз жайттарды анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы 2019 жылы туыстарының шақыруымен Монғолиядан Қазақстанға қоныс аударған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Отбасындағы бес баланың үшеуі қазақ жерінде дүниеге келген. Шарбақты ауданына тұрақтаған шаңырақ мұнда есепке алынып, атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеген. Ал отағасы 12 жастағы қызы оқып жатқан мектепке жұмысқа орналасқан.

«Қыздың анасы 2022 жылы туған бала күтімі бойынша үйде отыр. Анасы оқи да, жаза да білмейді. Тек құжаттарға қол қойғанда есімін жазуға қабілетті. Отағасының 6 сыныптық білімі ғана бар, ешқандай мамандық меңгермеген. Мектеп қазандығында от жағушы болып еңбек еткен, бірақ қазір жұмыс істемейді. Үлкен қызының жүкті екенін ата-анасы мектеп ұстаздарынан білген. Педагогтердің талабымен, ата-анасының рұқсатымен УДЗ-дан өтіп, жүкті екені белгілі болған. Жасөспірім бұдан соң Павлодардағы жүкті әйелдерге арналған патология бөлімшесіне жатқызылып, арада 10 күн өткенде аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауына жіберілген. Мұнда мектеп оқушысы үш жарым айдай уақыт болған. Осы уақыт ішінде қызға мектеп мұғалімдері мен ауыл әкімдігі киім-кешек пен аяқ киім, жеке гигиена заттарын сатып алып беріп тұрған. Оқушы мектептегі сабағын қашықтан жалғастырған», - деп хабарлады Сәуле Шәкенова.

Ал баланың әкесі аталған отбасының туысы болып келеді. Ол да кәмелетке толмаған. Бүгінде зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қыздың ата-анасы зорлық жасаған туысының отбасымен байланысты үзген.

«Кәмелетке толмаған ана облыстық перинаталдық орталығынан шығарылған соң қайда барып тұратыны жақын уақытта шешіледі. Сексуалдық зорлық-зомбылық фактісінің болғаны туралы қыздың әкесі де, анасы да білмейтін болып шықты. Мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыз баланың жүкті болып қалғаны және оған қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалуы мүмкіндігі туралы мәліметті уәкілетті және құқық қорғау органдарына бірден хабарлаған», - деп түсіндірді балалар омбудсмені.

Аталған оқиғадан соң Шарбақтыдағы мектеп директоры өз еркімен жұмыс орнынан кеткен.

Ал аудандық білім беру бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

павлодар 12 жас бала туған туысы зорлаған

Тақырыпқа жаңалықтар