«122 миллиард теңгені тиімсіз пайдаланған»: «Самұрық-Қазынаның» басы бәлеге қалды
Жоғары аудиторлық палата "Самұрық-Қазына" қорына жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тексеріс "Қазатомөнеркәсіп", Samruk-Kazyna Ondeu және тағы бірнеше компанияны қамтыды. Жалпы 18 заңды тұлғаға аудит жүргізілді.
Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, 2018-2021 жылдарға арналған қорды трансформациялау бағдарламасының аясында 8 компания халықаралық деңгейге шығу керек болған. Алайда бұл мақсат орындалмаған. Бағдарламадан тек 154,5 миллиард теңге пайда түскен. Бұл бастапқы түсуі керек сомадан екі есе аз болып шықты.
Қордың корпоративтік басқару деңгейі әлсіз болған. Ал стратегиялық құжаттар дұрыс дайындалмаған.
2024 жылы Қор тобының кірісі 16,5 триллион теңге, таза пайдасы 2,4 триллион теңге болған. Мемлекетке төленген қаражат — 2,37 триллион теңге (оның 779,9 миллиард — дивиденд, 1,6 триллион — активтерді беру). Бұдан бөлек, Қор президент пен Үкімет тапсырмаларына 673 миллиард теңге жұмсаған.
Қор құрамында 326 компания бар (6 деңгей). 2020–2024 жылдары 23 компания белсенді болмаған. Ал 2024 жылы 41 компания шығынмен жұмыс істеген. 175 инвестициялық жобаның тек 49-ы аяқталған.