«13 көлік зақымданды»: Нөсер жауын салдарынан жол опырылып түсті

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде нөсер жауын салдарынан жол опырылып, 13 көлік зақымданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, мердігер компания бұған дейін ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмысын толық көлемде аяқтаған. Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылды. Негізі қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуы тиіс болған.

«Алайда жауын суы арық жүйесі арқылы осы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған. Қатты нөсерден жол шөгіп, жабыны бүлінген. Салдарынан 13 көлік зақымданды», - деді қала әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин.

Мердігер ұйым зақымданған көлік иелеріне келтірілген шығынды толық өтейтін болды.

 

Нөсер Алматы Апат Табиғи

Тақырыпқа жаңалықтар