14 наурызда  референдум алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады

14 наурызда референдум алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Оның айтуынша, тыныштық күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.

«Үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Тыныштық күні — бұл шын мәнінде тыныштық күні. Ешқандай үгіт-насихатқа жол берілмейді. Егер бір жерде бұрыннан ілінген үгіт материалдары болса, оларды алып тастамайды. Бірақ оларды таратуға болмайды», — деп түсіндірді Әбдіров.

Ол бұл тыйым әлеуметтік желілерге де қатысты екенін айтты.

референдум Ақпарат тыныштық күн

Тақырыпқа жаңалықтар