14 және 17 жастағы жасөспірімдердің жасаған сұмдығы әшкере болды
Алматы облысында 2025 жылдың желтоқсан айынан бері пластикалық терезелерді күшпен ашып, пәтерлерді тонаған ұрылар ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күдіктілер пәтерлерден алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Олар жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Ұрылар 20 наурызда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың тоғыз пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды.
Ал 24 наурызда Алматы облысы аумағында тағы бір пәтер ұрлығын ұйымдатырған қылмыстық топ ұсталды.
Бұл топта 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: