160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы Маңғыстау облысының кәсіпкері жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алуға, кейіннен мұнай «Standart Petroleum» және «Mangystau Oil Refining» шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, жалған сапа паспорттарын ресімдеуге шарттар жасасқан. Одан әрі өнім пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге шығарылған, деп хабарлады Arbat.Media.

2019–2023 жылдар аралығында тек «Batys Nefte Trade» ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған. Заңсыз алынған кірістер мен төленбеген салықтар бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.

Маңғыстау Мұнай өнімі кірістер Салықтар

Тақырыпқа жаңалықтар