2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді
Фото: 018.kz
018.kz
Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 16:34

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді

«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасында келесі жылы бюджетке 21,7 трлн теңге (2026 жылы – 19,4 трлн теңге; 2027 жылы – 20,9 трлн теңге) көлемінде түсімдер болжанған. Сонымен қатар Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал 2025 жылға арналған бюджет шығыстары 25,8 трлн теңгені құрайды.

Айта кету керек, бюджет әлі күнге әлеуметтік бағытта қалып отыр.

Ел Үкіметі аталған салаға 9,8 трлн теңге бөлді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге артық.

Қаржы министрлігінің дерегінше, шығыстардың негізгі бөлігі инфляция деңгейіндегі әлеуметтік төлемдерді индексациялауға (базалық зейнетақы мен жәрдемақы 6,5%-ға, ортақ зейнетақы 8,5%-ға), гранттар санын қосымша 2,5 мың орынға ұлғайтуға, ЖОО студенттеріне шәкіртақы мөлшерін 15-20%-ға арттыруға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды арттыруға бағытталмақ.

 

2025 – 2027 Әлеумет 9,8 трлн теңге

Тақырыпқа жаңалықтар