2025 жылы базалық зейнетақы өсіріледі
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 12:34

2025 жылы базалық зейнетақы өсіріледі

Келер жылы базалық зейнетақы өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі индекстеуге сәйкес, зейнетақы шамамен 42 мыңнан 44 мыңға өседі деген болжамымен бөлісті.тырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

— Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 42 мың теңге. Болжам бойынша, келесі жылдан бастап индекстеу 44 мыңға жуық болады. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері бүгінде шамамен 152 мың, ең көбі 197 мың теңге болады. Индекстеуге сәйкес барлық көрсеткіш көтеріледі.

Алдағы екі жылға мемлекеттік бюджеттің жоба сметасын қазір талқылап жатыр. Дәл осы қалпында бюджет бекітілсе, 2025 жылы ең төменгі айлық 85 000 теңгені, мемлекеттік базалық ең төменгі төлем 32 360 теңгені, төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңгені, ал бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды.аластырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

2025 жылы базалық зейнетақы

Тақырыпқа жаңалықтар