2025 жылы мопед мемлекеттік тіркеуге алынады
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары25 қазан 2024, 9:00

2025 жылы мопед мемлекеттік тіркеуге алынады

Саны көбейген сайын апат та жиіледі. Алматыда мопедке қатысты биыл 700-ден аса жол апаты болып, 14 адам қаза тапқан. Былтырғымен салыстырғанда бұл екі жарым есе көп. Оңтүстік астана жолдарында жүрген аталмыш көлік құралының саны да жылдан-жылға артып барады, соңғы есепте 50 мыңнан асқан.  Көбі жол жүру ережесіне бағынбайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Діттеген жеріне тез жетемін деп, бағдаршамның қызылына өтіп кетеді немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүріп, тұрғындарға қауіп төндіреді, деп жазады КТК телеарнасы.

Өзгені де, өзін де ойламай, дулыға кию сынды қарапайым қауіпсіздік шарасына да бас қатырмайды.

Биыл тәртіп сақшылары 31 мың жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, 1700 мопедті айып тұрағына қойды. Полицейлер «жаппай жазалап жатырмыз» дегенімен, тыйылатын, тәртіпке келетін түрі жоқ. Өйткені мемлекеттік нөмірі болмаған соң, заңды бұзса да,оны табу да қиын.

Ал кейбірін тоқтатқан күннің өзінде қашып кететіні көп. Сондықтан биыл «Жол қозғалысы туралы» заң толықтырылып, келесі жылдан бастап мопед міндетті мемлекеттік тіркеуге алынады.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

— Жол көлік оқиғаларының көптеп кездесуіне тағы да бір фактор – мопед, самокаттар. Қалада бұл көлік құралы көп шоғырланатын жерде 8 мотоэкипаж жұмысын жүргізеді. Мопед, самокат жүргізуге рұқсат берген 113 ата-анаға қатысты әкімшілік шара қолдандық.

2025 жылы Мемлекеттік тіркеу Мопед

Тақырыпқа жаңалықтар