2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді. Жаңа талап бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қауіпсіздігі мен білім беру сапасы тексеріледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Атап айтқанда, санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, күзет қызметі, балалардың тамақтануы және білім беру бағдарламаларының сапасына назар аударылады.
«Атамекен» ҰКП салалық кеңесінің төрайымы Эльмира Әуезованың айтуынша, белгіленген талаптарға сай келмейтін кейбір балабақшалар жабылуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: