2027 жылы АЕК, зейнетақы мен күнкөріс деңгейі қанша болады
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын әзірлеп, «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткішті (АЕК) 4 693 теңге деңгейінде бекіту ұсынылып отыр. Сонымен қатар ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалып, 85 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 38 622 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 74 919 теңге болып белгіленеді. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 55 173 теңге деңгейінде жоспарлануда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: