2,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Вьетнамда ұсталды
Вьетнамнан Әділет министрлігіне қарасты «Сот сараптамалары орталығында» мемлекеттік сатып алулар кезінде 2,5 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген азамат елге жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, ол орталықтың бұрынғы басшылығы және мердігер компания өкілдерімен сөз байласып, жабдықтардың құнын негізсіз көтеру арқылы бюджет қаражатын жымқырған.
2025 жылғы наурызда күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл ол Вьетнам аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: