28 тамызға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Батыста және солтүстікте атмосфералық бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +33+35°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +32+34°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ашық. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: