Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 11:23

29 ақпанда тәулікте 25 сағат болады. 1 наурыз күні уақытты қалай өзгерту керек?

Сауда және интеграция министрлігі ел азаматтарына 29 ақпан күні ұялы телефондағы уақыт автоматты түрде өзгеретінін мәлімдеді. Тұрғындарға уақытты бір сағат артқа шегерудің қажеті жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Уақыт пен жиілік бірліктерінің мемлекеттік бастапқы стандарты» деген ұғым бар. Жабдықтар Астана қаласында орналасқан. Ол Қазақстан бойынша ең дәл уақытты көрсетеді және әлемдік сағаттармен сағат сайын синхрондалады. 29 ақпанда түн ортасында аталған жабдық қайта конфигурацияланады, ақпарат ұялы байланыс операторларына жіберіледі және олар қазірдің өзінде барлық ел азаматтарының ұялы телефонындағы уақытты жаңарта алады», делінген министрлік мәлімдемесінде.

Батыс тұрғындарынан басқа барлық қала тұрғындарында - 00:00 23:00-ге ауысады. Бейсенбіге сай келетін бұл күні тәулікте 25 сағат болмақ.

Айта кетейік, осы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Республиканың бүкіл аумағы 5-ші уақыт белдеуін (UTC+5) қолданады. Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

 

1 наурыз уақыт белдеуі уақыт өзгерту

Тақырыпқа жаңалықтар