3 күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі 28 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Cиноптиктер 24–26 наурыз аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын болжайды.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Ал батыс пен оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түседі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.
Ауа температурасы батыста 23°С, солтүстік пен шығыста 14°С, орталықта 22°С, оңтүстікте 28°С, оңтүстік-шығыста 22°С-қа дейін жылиды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: