30 градусқа дейін аяз: Алдағы күндері тағы да күн суытады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

10–11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша көктайғақ, боран, күшті жел күтіледі. Тек кезең соңында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22–30 градус аяз, күндіз 15–20 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде 13–23 градус, күндіз 12–20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10–20 градус аяз болса, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі.

Ауа райы ақпан Қыс мезгіл

Тақырыпқа жаңалықтар