31 жылдан соң жеткен марапат: ІІМ-де ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды
Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Polisia.kz жария етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
– Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз! – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Айтулы күні Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Құрмат Рахимов “Құрмет” орденімен марапатталды.
Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр.