“393 200 теңге айыппұл”: Баланың балағат сөзі үшін ата-ана жазаланады

Кәмелетке толмағандардың бейәдеп сөзі үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың бейәдеп сөзі мен қорлау әрекеттері үшін жаза күшейтілді. Енді көпшілік алдында ар-намысқа тиетін сөз айтқан бала үшін ата-анасы немесе заңды өкілі 393 200 теңге айыппұл төлейді немесе 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

Көшеде бейәдеп сөз айту бұзақылық саналып, 78 640 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау қарастырылған. Қайталанса 30 тәулікке дейін қамау болуы мүмкін.
Ал әлеуметтік желіде балағат сөз жазу немесе қорлау үшін 200 АЕК 786 400 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Бала балағат сөз жаман

Тақырыпқа жаңалықтар