5 тамызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кей аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек елдің орталығында, оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 7-12 м/с.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 18-23 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: