Бүгін Алматының орталық көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда демалыс күндері The Spirit of Tengri фестивалінің өтуіне байланысты бірқатар көше мен даңғылда көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
"7-8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.
8 маусым сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.