8 маусымға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Сондай-ақ көп аймақта жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Ауа температурасы +19+21°С, желдің жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Ауа температурасы күндіз +17+29°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +33+35°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.