8 жастағы қызды зорлаған туысы өмір бойына сотталды

Жамбыл облысының Сарысу ауданында 8 жастағы, екінші сыныпта оқитын қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен туысы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам қыздың үйіне келген. Сол сәтте баланың анасы үлкен балаларымен бірге үйден шығып кеткен. Кішкентай қыз үйде қарт атасымен қалған. Осы кезде сотталушы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған зорлық көрсеткен.

Қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысы жәбірленушіге қатысты зорлық-зомбылық болғанын растаған. Қыздың анасы кейін полицияға арыз түсірген.

Сот отырысы жабық форматта өткен. Іс барысында сотталушының кінәсі дәлелденіп, оған ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған.

Оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер кәмелетке толмаған баланың мүддесін қорғау мақсатында жарияланбаған.

жамбыл облыс Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар